Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның Вице-президенті қызметіне кандидат ретінде ұсынды

Сурет: Aqorda

Ерлан Қарин – Қазақстанның Вице-президенті қызметіне кандидат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын Қазақстанның Вице-президенті қызметіне ұсынды. Енді оның кандидатурасын Құрылтай депутаттары қарастырады. Кандидатураны Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі қолдауы тиіс. 

Ерлан Қарин 2026 жылғы 30 маусымнан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Мемлекеттік кеңесші және Мемлекеттік хатшы қызметтерінде болған. 

1976 жылы туған Ерлан Қарин – саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. 

Вице-президент институты Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымды билік сабақтастығы мен мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды институт ретінде ұсынған болатын. 

Вице-президент лауазымы туралы

"Мен бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Қарин елде танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады, - деді Тоқаев жиында.

Президенттің сөзінше, Қарин мемлекеттің стратегиялық бағдарын, жоспарын нақты түсінеді.

Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны қолдауды сұраймын", - деп айтты Мемлекет басшысы.

Президент Вице-президент тағайындалған соң, оның өкілеттігі туралы Жарлыққа қол қояды.