Әлеуметтік желіде журналист Руслан Өтепбай блогер Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы арасындағы сот отырысынан видео жариялады.
Видеода Нұрсұлтан Жақсыген экс-жұбайын балағаттағаны туралы пікірлерді өзі жазбағанын айтып, сот алдында ақталды.
«Жоқ, құрметті сот. Мен ол пікірлерді жазбадым. Бүгінге дейін өзімнің парақшама кіре алмай жүрмін», - деді блогер.
Фариза Алмасқызы бұл даулы пікірлерді Нұрсұлтан Жақсыген жазды деп есептейді.
«Оның маған жекеге жазған хабарламалары бар. Барлығын сотқа тапсырдым. Ол өзіне тиесілі жазасын алады деп сенемін. Нақтырақ айтқанда, бас бостандығынан айырылғанын қалаймын», - деді ол.
Сот отырысы барысында прокурор айыпталушыға қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін түсіндірді.
«Тәртіп бұзушыға 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сондай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деді прокурор.
Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысы келесі аптада жалғасады.
Блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін
Сурет: ruslan_utepbai инстаграм парақшасынан (видеодан скрин)