Қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазиновтың «Құрылтайға жол» бастамасыел назарын маңызды саяси оқиғаға аударудымақсат еткен тағылымды сапарға ұласты. 58 жастағы спортшы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауынақатысудың маңызын насихаттау үшін Астанадан Алматыға дейінгі шамамен 1300 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуді жоспарлады.
Ультрамарафоншының бұл бастамасы – спорттық сынақпен қатар, азаматтық жауапкершіліктідәріптейтін символдық қадам. Меңдібай Әлімғазинов өз ісі арқылы әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжайқарамай, өз таңдауын жасау қажеттігін көрсеткісі келеді.
Сапар 10 тамызда Астанадан басталды. Жолға шығар алдында спортшы елордадағы сайлауучаскесінен алдын ала есептен шығару куәлігін алып, дауыс беру күніне дейін Алматыға жетіп, сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасаудымақсат етті. Жоспар бойынша ол күн сайыншамамен 100 шақырымнан жүгіріп, 13 күн ішіндеұзақ жолды еңсермек.
«Құрылтайға жол» бастамасының мәні – тек мыңдаған шақырымды бағындыруда емес. Ультрамарафоншы үшін бұл сапар азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің нақты көрінісі. Өйткені елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер әр азаматтың жеке таңдауынан басталады.
Осы мақсатпен Астанадан Алматыға бағыт алған Меңдібай Әлімғазинов пен оның шәкірттері 14 тамызда Балқаш қаласына да келіп жетті. Ұзақ жолды жүгіріп өтіп келе жатқан спортшылардыБалқаш жұрты ерекше ықыласпен қарсы алды. Қаланың спорт клубы мен мәдени-сауық орталығы ұйымдастырған кездесуде меймандарға құрмет көрсетіліп, ұлттық құндылықтарымыз кеңінен дәріптелді.
Кездесу барысында ән мен жыр орындалып, домбыраның күмбірлеген үні алыстан ат арытыпжеткен спортшыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Қазақы қонақжайлықтың белгісі ретінде ақ дастарқан жайылып, қонақтарға бауырсақ пен қымыз ұсынылды. Ақжолтай тілектер айтылып, марафоншылардың алдағы сапарына сәттілік тіленді.
Балқаштағы кездесу спорт пен ұлттық құндылықтардың өзара үндескенін көрсетті. Мыңдаған шақырымды жүгіріп өту үшін физикалық дайындықпен қатар, мықты жігер, төзім мен табандылық қажет. Ал мұндай ұзақ сапардыелдік мақсатпен ұштастыру бастаманың мәнін оданәрі арттыра түсті.
Меңдібай Әлімғазинов пен оның шәкірттерінің сапары Қазақстанның кең даласын бойлайжалғасып, түрлі елді мекендердегі жұртшылықтың қолдауына ие болуда. Балқаш қаласындағы жылыкездесу де спортшыларға рух беріп, алға қойған мақсаттарына деген сенімдерін нығайтқан ерекшесәттердің біріне айналды.
23 тамызға дейін Алматыға жетуді көздеген ультрамарафоншы үшін әрбір шақырым – белгіленген межеге жақындау ғана емес, азаматтық үндеуді елге жеткізудің өзіндік жолы. Оның жүгіруі арқылы «ел болашағы – әр азаматтың таңдауына байланысты» деген ой кеңінен насихатталуда.
«Құрылтайға жол» – төзімділік пен табандылықты, елдік мұрат пен азаматтық жауапкершіліктітоғыстырған ерекше бастама. Спортшының Астанадан Алматыға дейінгі сапары сәтті аяқталып, 1300 шақырымға жуық қашықтықтыаман-есен бағындыруын тілейміз. Ақ жол, мықты жігер, қажымас қайрат серік болсын!
Еркеназ БАҚТОРАЗ