Ертіс өзеніне ағып кеткен жеткіншекті атпен серуендеп жүрген жігіттер құтқарып қалды. Олардың батылдығы желі қолданушыларын тәнті етті.
Оқиға туралы Тимур есімді желі қолданушысы бөлісті. Оның айтуынша, өзен жақтан баланың көмекке шақырған дауысын естіген. Уақыт жоғалтпай жетіп, суға кеткен баланы жағаға аман-есен алып шыққан.
Жігіттердің дер кезінде әрекет етуі баланың өмірін сақтап қалды.
Дереккөз: Stan.kz
Ертіске ағып кеткен баланы атқа мінген жігіттер құтқарып қалды
Фото: ЖИ