Өрт таулы-далалы жерде орын алды. Оны сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен ерікті құрылымдардың 153 адамы және 51 техникасы жұмылдырылды.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өртті сөндіру жұмыстары қатты екпінді жел мен таулы жер бедерінің күрделілігіне байланысты қиындады. Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды сөндіру және аумақты қарауылдау жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Жағдай ТЖМ бақылауында. Өртті толық жойғанға дейін жұмыстар жалғасады.
Қарқаралы ауданында Жаңатоғaн ауылы маңындағы табиғи өрт оқшауланды
Сурет: ТЖМ