«Әділет» партиясы: Жетісуда спортшылармен, аграршылармен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, су тапшылығы, инфрақұрылым және экология мәселелерін көтерді.
ЖСДП: Семейде тұрғындармен кездесіп, абаттандыру, су бұру, жарықтандыру, көлік мәселелерін талқылады, Ақтөбеде жастармен акция өткізді.
«Байтақ» партиясы: Теміртауда үгіт жұмыстарын жалғастырып, Шығыс Қазақстанда ауызсу, абаттандыру және экология мәселелерін тұрғындармен талқылады.
ҚХП: Атырау мен Түркістанда еңбек ұжымдарымен кездесіп, еңбек құқықтары, жұмыспен қамту, өндірісті дамыту мәселелерін талқылады.
«Ауыл»: Бірнеше өңірде еңбек ұжымдарымен кездесіп, өндіріс, кәсіпкерлік, еңбек құқықтары, аграрлық саланы дамыту мәселелерін көтерді.
«Ақ жол»: Павлодарда кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, еңбек мәселелерін талқылады. Сонымен қатар бірнеше өңірде үгіт жұмыстарын жалғастырды.
Respublica: Атырауда кәсіпорындарда кездесулер өткізіп, білім, гранттар, жол, электрмен қамту және зейнет жасы мәселелерін көтерді.