Қарағандылық 16 жастағы Адильхан Ахметжан зағип адамдарға қоршаған ортаны тануға және күнделікті өмірде тәуелсіз болуға көмектесетін JANARYM AI жобасын әзірледі. Жас өнертапқыштың айтуынша, жобаны жасауға зағип атасының күнделікті қиындықтары түрткі болған. Бүгінде жобаға 70-тен астам адам тест жүргізіп, команда Enactus National Cup Kazakhstan байқауында 2-орын иеленген.
«Адильхан Ахметжан, 16 жас Қарағандыдан AITU College-де Software бағыты бойынша оқимын және Enactus AITU командасының капитанымын.
JANARYM AI жобасының негізін қалаушысымын. Жобаны зағип атама көмектесу үшін бастадым — бала кезімнен оның күнделікті қиындықтарын көріп өстім. JANARYM AI жасанды интеллект арқылы зағип адамдарға қоршаған ортаны түсінуге және тәуелсіз болуға көмектеседі.
Қазір жобамызды 70-тен астам адам тестіледі. Enactus National Cup Kazakhstan-да 2-орын алып, Technovation Girls жартылай финалына өттік. Сонымен қатар Alem AI Battle, Pizza Pitch сияқты технологиялық іс-шараларға қатыстық.
Меніңше, бұл оқиғаның ерекшелігі — 16 жасымда өз атама көмектесу үшін бастаған идеямның халықаралық деңгейге дейін жетуі»,-дейді Адильхан Ахметжан.