Полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы азамат Астанадағы мекемелердің біріне арнап видео түсірмек болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам атқа мініп автокөлік жүретін жолмен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүріп, қозғалысқа кедергі келтірген.
"Кейін ол "Бәйтерек" монументі маңына бет алған кезде, жол қиылыстарыдың бірінде жануар тротуарды ластап, жасыл желекке зиян келтірген. Осылайша абаттандыру заңнамасының талаптары бұзылған", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған екі құқық бұзушылық бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.