Қоғамдық саясат институтының 2026 жылғы 7–27 шілде аралығында жүргізген сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың 89,4%-ы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы хабардар. Оның ішінде 55,2%-ы сайлау жайлы толық білсе, 34,2%-ы бұл туралы естігенін айтқан.
Зерттеу нәтижесі бойынша, респонденттердің 72,3%-ы сайлауға қатысып, дауыс беруге ниетті. 11,9%-ы дауыс бермейтінін мәлімдесе, 15,8%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған.

Партиялық қолдау бойынша дауыс беруге дайын:
«Әділет» партиясы 67,3%
«Ауыл» – 6,2%
«Respublica» – 5,5%
«Ақ жол» – 4,8%
ЖСДП – 4,3%,
ҚХП – 3,9%
«Байтақ» – 1,1%
Сауалнамаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 8000 адам қатысқан. Зерттеудің іріктеме қателігі – ±1,19%.