Құрылтай-2026: кәсіпорындар сайлауалды бәсекенің жаңа алаңына айналды

Сурет: ЖИ

Құрылтай сайлауына дейін күн сайын партиялар ұраннан гөрі нақты істерге көбірек көңіл бөлуде. Делегациялар қоғамның сұранысын тыңдап, өз шешімдерін ұсыну үшін кәсіпорындарға, әлеуметтік мекемелерге және жұмыспен қамту орталықтарына баруда.

«Әділет» партиясы жұмысшылармен өндірісті жаңғырту және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

«ҚХП» цифрлық бақылауды күшейту және электрондық қызметтерді дамыту бастамаларын таныстырды.

«ЖСДП» мүмкіндігі шектеулі жандарға,  қарт азаматтарды қолдау мәселесіне басымдық берді.

«Ауыл» партиясы ауылдық инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын құруға басымдық берді.

«Байтақ» табиғатты сақтау және экожүйелерді қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.

«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қолдау бойынша нақты шараларын ұсынды.

«Respublica» партиясы отандық өндірісті нығайту, азаматтардың табысын арттыру қажеттігін атады.

Ортақ бағыт

Басымдықтары әртүрлі болғанымен – зауыттардан бастап қорықтарға дейін – барлық партиялардың мақсаты ортақ: өзгерістерді халыққа нақты сезіндіру. Бірі мықты институттарды дамытуды қолдаса, енді бірі әлеуметтік қорғауды, үшіншісі экологияны және кәсіпкерлік еркіндігін басты назарға қояды.