2026 жылғы 1 тамыздан бастап Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жаңа тарифтер күшіне енеді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі City Transportation Systems (CTS) сілтеме жасап хабарлайды.
Бір реттік жол жүру ақысы өзгермейді – 200 теңге.
Мерзімдік тарифтер:
1 күн – 500 тг;
3 күн – 1 500 тг;
5 күн – 2 500 тг;
10 күн – 4 000 тг;
15 күн – 5 000 тг;
1 ай – 7 500 тг;
3 ай – 20 000 тг.
Сапар пакеттері:
5 сапар – 900 тг;
10 сапар – 1 800 тг;
20 сапар – 3 500 тг;
30 сапар – 5 000 тг.
Айлық жол жүру билеті айдың 15-іне дейін сатып алынса, сол айдың соңына дейін жарамды болады. Ал 15-інен кейін алынған билет келесі айдың 1-інен бастап қолданылады.
Күндік тарифтер мен сапар пакеттері алғашқы валидациядан кейін іске қосылып, күн соңына дейін немесе төленген сапарлар саны аяқталғанша жарамды болады.
Жол жүру билеттері LRT станцияларындағы кассаларда сатылып, Tarlan Astana көлік картасына жазылады. Картаның балансын кассада немесе терминал арқылы тексеруге болады.
CTS мәліметінше, көлік картасы жоғалған жағдайда белсендірілген тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды. Әзірге тарифтер тек LRT жүйесінде ғана жарамды. Болашақта оларды Астана автобустарымен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астанада LRT үшін жаңа тарифтер енгізіледі
Сурет: Life09