Шахтинск қаласындағы Үшінші өзеннің жағасында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қоқыссыз ыстық жаз» экологиялық акциясы өтті.

Жастар, еріктілер мен қоғам белсенділері қаланың ең көп демалатын орындарының бірін тазалап, қоршаған ортаның тазалығы әрбір азаматқа байланысты екенін тағы бір мәрте еске салды.

Тазалық жұмыстарына еріктілер, жастар және қоғам белсенділері қатысты. Қолдарына қолғап пен қоқыс салатын қаптар алған қатысушылар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Мұндай экологиялық акциялар тек аумақты тазалаумен шектелмейді. Олар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді әрі әр адамның аз ғана үлесі де үлкен нәтижеге жеткізе алатынын көрсетеді.

Экологиялық акция соңында барлық қатысушыларға тақырыптық бейсболкалар, брендтелген шопперлер, фитнес-бөтелкелер және блокноттар сыйға тартылды.
