Orda және Ninety One топтары орындаған бірқатар танымал әннің авторы, композитор Сержан Бақытжанұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget News-ке сілтеме жасап.
Қаралы хабарды оның жақын досы, әнші Дастан Оразбеков жеткізді.
Сержан Бақытжанұлының қаламынан «Қилы заман», «Ғашықсың ба?», «Жауап бер», «Тағдыр», «Көк аспан» сынды халыққа кеңінен танылған әндер туған.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Танымал композитор Сержан Бақытжанұлы өмірден өтті
фото автордан