Қарағандыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан алынды

Жұмыс іздеп жүрген қарағандылықтарды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады. Іс-шара 31 шілде күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін «Таир» сауда үйінде (Ғарышкерлер көшесі, 1/29) өтеді.

Жұмыс іздеушілерге мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады. Сондай-ақ олар жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, Мансап орталығының мамандарынан кеңес ала алады.

Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіптік оқыту мүмкіндіктері, жастар практикасы, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар туралы да ақпарат беріледі.