Аида Балаева қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергенін мәлімдеді

Сурет: Aqorda

Бұл туралы Вице-премьер өзінің Facebook парақшасында жазды.

Вице-премьер Аида Балаеваның айтуынша, елімізде 4739 адам трансплантация кезегінде тұр.

Олардың арасында 125 бала бар.

Балаева елімізде трансплантация оталарының шамамен 90%-ы тірі туыстық донорлардың көмегімен жасалатынын атап өтті. Ал, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық үлесі 10%-ға да жетпейді.

«Әрине, донор болу немесе болмау – әр адамның жеке таңдауы. Мұндай шешімге ешкімді мәжбүрлеуге болмайды. Меніңше, бұл тақырыпта ең маңыздысы – екі тараптың да жағдайын түсіне білу. Мен ағзаларымды донорлыққа беруге келісім беретінімді жауапкершілікпен атап өткім келеді. Себебі бір адамның шешімі басқа бір адамға өмір сүруге мүмкіндік беруі мүмкін», – деп жазды Аида Балаева желідегі парақшасына.