Ұлытау ұлттық паркінде бүркіттің жас балапаны видеоға түсіп қалды

Фото: ИИ Gemini

Ұлытау паркінде бүркіттің жас балапаны камера объективіне ілікті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.

Әлі қанаты қатаймағанымен, оның қырағы жанары мен айбарлы келбеті болашақта кең дала аспанын еркін кезетін қыранға айналатынын аңғартады.

Уақыт өте келе жас бүркіт толық жетіліп, табиғаттағы ең айбынды жыртқыш құстардың біріне айналады.