«Аяқ үлкен болса, амал да көп»: ҰБТ-дағы ерекше айлалар

Фото: Gemini ИИ

Биыл ҰБТ тапсырушылар тыйым салынған заттарды алып кіру үшін қиялына барынша ерік беріпті. Тексеріс кезінде смарт-көзілдірік таққандар да, телефонды шаш резеңкесінің арасына тыққандар да анықталған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда, ең ерекше жағдай — бойы аласа талапкердің 43-өлшемді алып аяқ киімінің ішіне смартфон жасырып өтпек болғаны. Бұл қулық та сәтсіз аяқталды.

Статистика не дейді?

Тестілеу барысында 890 ереже бұзу дерегі тіркелді.

522 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттармен ұсталып, ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды.