Қазақстанда бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді

Фото: Gemini ИИ

Қазақстанда соңғы бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді. Өрттердің ең көбі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – екі-екіден, ал Ақмола, Абай және Павлодар облыстарында бір-бірден анықталған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт ошақтары әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауының арқасында дер кезінде анықталды.

Өртті сөндіруге орман күзеті қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» авиациялық бөлімшелері, тікұшақтар, арнайы техника және өзге де күштер жұмылдырылды.