Астанада автобус белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін 44 жастағы жолаушы жүргізушімен жанжалдасып, жүргізуші кабинасын бөліп тұрған әйнекті сындырған.
Оқиғаға байланысты ер адамға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеді.
Дереккөз: Stan.kz
Астанада аялдамадан өтіп кеткен автобусқа ашуланған жолаушы терезені сындырды
Фото: ЖИ ChatGPT