Алматы Қазақстандағы өмір сүру құны ең жоғары қала атанды

Фото: ЖИ ChatGPT

Әлемнің 547 қаласы қамтылған халықаралық рейтингте Алматы Қазақстандағы өмір сүру құны ең жоғары қала ретінде танылды.

Зерттеу азық-түлік, қоғамдық тамақтану, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да күнделікті шығындар негізінде жүргізілген.

Нәтижесінде Алматы 409-орынға жайғасып, Куала-Лумпур мен Тбилиси қалаларының арасында орналасты. Ал Астана бұл рейтингте 469-орыннан көрінді.

 Дереккөз: Stan.kz