Қырғызстанның Чаткал алқабында тасқын су көпірлерді қиратып, Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген туристер жолда қалып қойды. Олардың арасында балалар да бар.
Туристердің айтуынша, көпірлер толық қалпына келтірілмейінше эвакуация жүргізілмейді. Қазіргі уақытта олар шатырларда тұрып жатыр.
Азық-түлік пен қажетті заттарды Қырғызстанның төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және малшылар өзен арқылы жеткізіп отыр. Туристер әзірге көпірлердің қалпына келтірілуін күтіп жатыр.
📌 Дереккөз: Stan.kz