Ербаян Мұхтардың денесін туыстарына бермей жатыр

Фото: Life09

Қайтыс болған сарбаз Ербаян Мұхтардың денесі әзірге жақындарына тапсырылған жоқ. Оқиға орнында жүрген туыстарының айтуынша, полиция қызметкерлері мәйітті арнайы көлікпен мәйітханаға алып кетпек болған.

Ал, отбасы мүшелері Ербаянның денесін өздеріне қайтаруды талап етіп, наразылық білдіруде.

Бұл жағдай Instagram желісіндегі @erbayan2024 парақшасында өткен тікелей эфир барысында белгілі болды.

Дереккөз: t.me/stankznews