Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Фото: Aqorda.kz

Медицина қызметкері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының бір топ өкіліне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Салтанатты рәсімде дәрігерлер, медбикелер және сала қызметкерлері көп жылғы еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапатталды.

Мемлекет басшысы медицина мамандарының халық денсаулығын сақтаудағы еңбегін жоғары бағалап, олардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар марапат иелеріне алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.