Алматы қаласының полицейлері мопед ұрлады деген күдікпен төрт кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Тергеу барысында олардың кемінде алты ұрлық фактісіне қатысы бар екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті дәлелдер жиналып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жасөспірімдердің әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға беріліп, тиісті жауапкершілік жүктелген. Сонымен қатар, балаларын тәрбиелеу мен бақылау міндеттерін тиісінше орындамаған заңды өкілдер де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.