Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысының Талапкер ауылында үш жасар баланы ат таптап кетіп, ол ауыр жарақат алды.
Оқиға кезінде бірнеше атты адам жарысып келе жатқан. Баланың анасының айтуынша, ұлының басы мен ішкі ағзалары қатты зақымданып, оған үш сағатқа созылған ота жасалған.
Қазір бала ауруханада жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ақмола облысында ат таптаған 3 жасар бала ауыр халде жатыр
Фото: Gemini ИИ