Жол апаты Орал қаласында болған. Полицияның мәліметінше, жасөспірім күтпеген жерден жолға шығып кетіп, сол сәтте оны жүк көлігі қаққан. Зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексеріп, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін, ол үйіне амбулаторлық емге жіберілді. Жасөспірімнің ата-анасы жүргізушіге қарсы арызданудан бас тартқан.
Дереккөз: @sputnik_aitady