Алматыда жүкті әйел мен оның сәбиінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото: Gemini ИИ

Алматыдағы перинаталдық орталықтардың бірінде 32 жастағы Анна Ефименко мен оның құрсақтағы шаранасы қайтыс болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жүктіліктің 8-айында ауруханаға шұғыл жеткізілген әйелге кесарь тілігі жасалған, бірақ сәби шетінеп кеткен. Көп ұзамай, 7 мамырда жансақтау бөлімінде анасы да көз жұмды.

Алдын ала сараптама марқұмның бас-ми жарақатын алып, миына қан құйылғанын көрсетті. Бұл жарақаттың қайдан пайда болғаны белгісіз. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қолдан келгеннің бәрін істегенін айтып, нақты диагнозды жарияламады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, соңғы нүкте сот-медициналық сараптамадан кейін қойылады.