Шымкентте аптап ыстыққа байланысты улы сарышаяндар көбейіп, жыл басынан бері 80 адамды шаққан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, сарышаяндар тұрғын үйлердің маңында жиі кездеседі. Олар аяқ киімнің ішінде, төсек астында, перде арасында және ылғалды жерлерде жасырынуы мүмкін.
Сарышаян шаққан кезде қатты ауырсыну, аяқ-қолдың ұюы, бас айналу, ентігу және әлсіздік байқалады. Сондықтан дәрігерлер мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.
Әсіресе жеке сектор тұрғындары мен құрылысы жүріп жатқан жаңа шағын аудандарда тұратын азаматтарға сақтық шараларын күшейту ұсынылды. Мамандар табиғат аясында демалғанда жерге тікелей отырмай, арнайы төсеніш немесе жиналмалы төсек пайдалануға кеңес береді.
Шымкентте сарышаян көбейіп, 80 адам зардап шекті
Фото: Gemini ИИ