Жол апаты Қордай ауданында болған.
Оқиға жайлы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, «Lexus» жүргізушісі жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін көлік айналып кетіп, жол үстінде тоқтап қалған.
Сол сәтте тас жолмен келе жатқан «Tank 500» тоқтап үлгермей, «Lexus»-қа соқтығысқан.
Салдарынан «Lexus» жүргізушісі мерт болып, кәмелетке толмаған жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды
Фото: Life09