Қарағанды хайуанаттар бағында өте сирек кездесетін амур жолбарыстары Мия мен Батырдың жұбынан екі марғау туды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @krgzoo-ға сілтеме жасап.
Дүниеге келген сәтте салмағы небәрі 450 және 530 грамм болған кішкентай жыртқыштар алғашқы күндері әлсіз болғанымен, бүгінде жақсы жетіліп келеді. Қазір олардың салмағы 2 килограмнан асқан.
Зообақ мамандарының айтуынша, марғаулардың денсаулығы жақсы. Анасы Мия төлдерін ерекше қамқорлыққа алып, мұқият бағып отыр.