Өңірде көктемгі егіс науқаны қарқын алды. Биыл 1 миллион 230 мың гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар егу жоспарланған. Қазірдің өзінде 400 мың гектарға жуық жерге тұқым себіліп үлгерді.
Мәселен, «Шахтёрское» шаруа қожалығында биыл алғаш рет күнбағыс егу қолға алынды. Сонымен қатар, мұнда зығыр, рапс, соя және жүгері дақылдары өсірілуде. Картоп алқабының да көлемі кеңейіп, биыл бұл дақылға 750 гектар жер бөлінді.
Бүгінде шаруалар қажетті техникамен, сапалы тұқыммен және жеңілдетілген дизель отынымен толық қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, биылғы науқан аймақтың ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді.
Дереккөз: ortalyq.kz