Қарағанды облысында балаларға арналған қосымша білім беру жүйесі қарқынды дамып жатыр. Қазір өңірде бірнеше ірі жоба қолға алынған:
Майқұдықтағы шығармашылық орталығы:
900 оқушыға арналған заманауи ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда хореография, музыкамен қатар робототехника, STEM, бағдарламалау, дизайн кабинеттері мен үлкен спорт залы ашылады.
Нұра ауданындағы өнер мектебі:
Құрылыс жұмыстары 90%-ға дайын. Мұнда музыка, би, қолданбалы өнер үйірмелері және ұлттық ою-өрнекпен безендірілген 100 орындық акт залы болады.
Ашылған нысандар:
Бұған дейін Пришахтинскіде «Кәусар» Оқушылар сарайы және Жас туристер станциясы өз жұмысын бастаған болатын.
Қарағанды облысы бойынша қысқаша статистика:
Өңірде 46 мектептен тыс ұйым (өнер, музыка, көркемсурет мектептері) балаларға есігін айқара ашқан.
Облыс бойынша 160 мыңнан астам бала (оқушылардың 92%-ы) қосымша біліммен қамтылған.