1 маусым — балалардың арманы асқақтайтын, күлкі мен қуанышқа толы Халықаралық балаларды қорғау күні! Бұл күні Қарағандыда бүлдіршіндерге арналған түрлі қызықты іс-шаралар өтеді.
Мерекелік бағдарламада:
«Библиокеш» іс-шарасы: Абай атындағы балалар кітапханасында музыкалық аспаптардың интерактивті көрмесі ұйымдастырылады.
«Сарыарқа жұлдызы» байқауы: Кеншілер мәдениет сарайында облыстық эстрадалық орындаушылар бақ сынайды.
Мерекенің басты мәні неде?
Бұл күн тек ойын-сауықпен шектелмейді. Бұл — әр баланың сапалы білім алуға, еркін армандауға және қауіпсіз ортада өмір сүруге құқығы бар екенін еске салатын күн.
«Ата — бәйтерек, бала — жапырақ». Бүгінде елімізде жас ұрпақтың жан-жақты дамуына үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Мысалы, Балалар сарайында спорттық секциялар, тіл курстарымен қатар, SMM, мобилография, таргет сияқты заманауи бағыттар да тегін оқытылады.
Ең басты сыйлық — назар мен мейірім
Бала үшін ең үлкен бақыт — ата-анасының қолдауы мен бірге өткізген уақыты. Оларға тек мерекеде ғана емес, күн сайын сүйіспеншілік таныту маңызды.
Мерекелік іс-шараларға барып, балалармен бірге уақытты көңілді өткізуді ұмытпаңыздар! Себебі баланың күлкісі — әр отбасы үшін ең қымбат құндылық.
Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты
Автор: Жұлдыз АМАНҚҰЛҚЫЗЫ