Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Ерубаев көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты 2026 жылдың 26 мамыры күні сағат 14:00-ден бастап Лободы көшесінен Әлиханов көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Қоғамдық көлік қозғалысы бекітілген уақытша сызбаға (схемаға) сәйкес жүзеге асырылады.
Сапарларыңыз сәтті болуы үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.