Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде қайғылы жағдай болды. «Қазақалтын» ЖШС-ның «Орталық» шахтасында заңсыз алтын іздеуге кірген екі адамды топырақ басып қалған.
Оқиға салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам көз жұмды. Марқұмдардың денелері шахтадан шығарылды. Олар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болған.
Полиция аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеген екі адам қаза тапты
Фото: ЖИ ChatGPT