Қарқаралы тауларында аяғын сындырған турист құтқарылды

Фото: Life09

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы «Пионерлер шыңы» аумағында құтқарушылар екі туристі эвакуациялау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, таңертең саяхатшылар тауға көтерілген. Алайда түсу кезінде ер адам аяғын сындырып алып, екеуі өздігінен төмен түсе алмаған.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды. Оның көмегімен туристердің нақты орналасқан жері жедел анықталды. Кейін ТЖМ қызметкерлері зардап шеккендерге көтеріліп барып, оларды таудан аман-есен эвакуациялады», - дейді ҚР Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметі.


Видео: 112 KZ