Қарағандыда мотоцикл мінген жасөспірім 8 жасар қызды қағып кетті

Фото: ЖИ ChatGPT

Қарағанды облысының Көкпекті станциясында жантүршігерлік жол апаты орын алды. 17 жастағы жасөспірім 8 жасар қызды қағып кеткен.

Алған ауыр жарақаттарының салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Ал, мотоцикл жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты да қылмыстық іс тіркелді. Оларға көлік жүргізу құқығы жоқ адамға мотоцикл басқаруға рұқсат бергені және бұл әрекеттің соңы адам өліміне әкеп соқтырғаны бойынша айып тағылып отыр.