Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі хантавирус инфекциясына байланысты сақ болуға шақырды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл – кеміргіштер арқылы жұғатын қауіпті вирустық ауру. Вирус адам ағзасына шаң, азық-түлік, су немесе кеміргіштердің тістеуі арқылы түсуі мүмкін, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік шетелге шығатын қазақстандықтарға кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен жанасудан сақ болуға, сондай-ақ олардың мекендейтін орындарына бармауға кеңес берді.
Министрлік хантавирусқа байланысты ескерту жасады
Фото: ЖИ ChatGPT