Жетісу облысында футбол көруге кеткен 20 жастағы студент көз жұмды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның анасының айтуынша, ұлы досының пәтеріне футбол матчын көруге барған.

Облыстық полиция қылмыс жасады деген күдікпен адамды ұстады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
 

«Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», - дейді департаменттегілер.