Алматы облысында полиция басшысының орынбасары әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен ұсталды

Фото: ЖИ ChatGPT

Алматы облысы Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдылданов әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 мамыр күні Бақбақты ауылы маңындағы тасжолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, ер адам әйелін жол бойына түсіріп кеткен. Кейін қайта оралып, көлікпен қағып кеткен деген күдік бар.

Әйел оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.