Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго мен Угандада Эбола індетінің өршуіне байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады. Алайда ұйым бұл жағдайдың пандемия деңгейіне жетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Конгода 246 адамнан вирус анықталып, 80 адам қайтыс болған. Угандада Конгодан келген адамдар арасында екі жағдай тіркеліп, бір науқас көз жұмған.
ДДҰ аурудың әсіресе медициналық мекемелерде таралу қаупі жоғары екенін ескертті. Ал Қазақстанда Эбола вирусын жұқтыру немесе оның таралу деректері тіркелмеген.
Конго мен Угандада Эбола дертіне байланысты төтенше жағдай қалыптасты
Фото: ЖИ ChatGPT