Полицияның мәліметінше, жол апаты реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Автобус жүргізушісі жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында қайтыс болды.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автобус айып тұрағына қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Талдықорғанда автобус жаяу жүргіншіні қағып, әйел адам көз жұмды
Фото: Gemini ИИ