Көкшетауда жаяу жүргінші қаза тапқан апатқа қатысты жаңа дерек шықты

Фото: Canva

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті басқарған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған және арнайы оқудан өтпеген.
 

«Жүргізушіге қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.



Сонымен қатар көлік иесі – күдіктінің жұбайына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Ол көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамға басқаруға бергені үшін жауапқа тартылып отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.