Өскемендік полицейлер адасып кеткен ерекше баланы үйіне қайтарды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімді байқаған.
 

«Баланың даму ерекшеліктері болғандықтан, оның жеке басын және заңды өкілдерін анықтау жұмыстары күрделене түсті», - дейді полициядағылар.



Тәртіп сақшылары баланы көлікке отырғызып, туыстарын іздестіру жұмысын бастаған.

30 минуттан кейін «102» арнасына дәл осы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Полицейлер баланы аман-есен ата-анасына табыстады.