Индонезияда жанартау атқылап, 20 турист жоғалып кетті

Фото: Life09

Индонезияда жанартау атқылап, 20 турист жоғалып кетті. Дуконо жанартауы атқылаған аймақта құтқарушылар туристерді іздестіріп жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, жоғалғандардың арасында Сингапурдың 9 азаматы және Индонезия тұрғындары бар. Іздеу-құтқару жұмыстарына 10-ға жуық құтқарушы мен полиция қызметкері жұмылдырылған.

Жергілікті билік тұрғындар мен туристерге жанартау кратеріне 4 шақырымнан артық жақындамауға шақырды. Сондай-ақ нөсер жауын кезінде жанартаулық лай көшкіні жүру қаупі бар екені ескертілді.

Мамандардың айтуынша, атқылау кезінде жанартаудан шыққан күл бағаны теңіз деңгейінен 11 шақырымнан астам биіктікке көтерілген.

Дереккөз: t.me/qazaqstantv