Астанада LRT желісінің станцияларының бірінде түнде өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, дәнекерлеу жұмыстары кезінде пластик құбырлар мен жылу оқшаулағыш материал тұтанған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Астанадағы LRT станциясында түнде шыққан өрттің мән-жайы белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған.
Ведомствоның хабарлауынша, құрылыс алаңында пластик құбырлар мен жылу оқшаулағыш материал жанған. Өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құраған. Жалын өрт сөндірушілер келмей тұрып толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Астананың оң жағалауындағы тұрғындар Шәмші Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT желісі аумағынан қою түтін шыққанын байқаған. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.