Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 76 шетел азаматы ұсталды

Фото: Gemini ИИ

ІІМ мәліметінше, күдіктілерге есірткі заттарын сату, контрабанда арқылы жеткізу және аса ірі көлемде сақтау фактілері бойынша айыптар тағылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірісін қашықтан ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде болған шетелдік ұсталды.

Астанада жалға алынған пәтерден 1,5 келі синтетикалық және каннабис тектес есірткі тәркіленді. Ал, Алматыда шетел азаматының жанынан 1,2 келі «A-PVP» есірткісі табылған.

Сонымен қатар, Ақтауда 21 жастағы күдіктінің есірткіні жасырын тарату схемасымен айналысқаны белгілі болды.