Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның робототехника құрамасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST Әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 12 марапатқа ие болды.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушы жиналған. Қазақстан атынан рекордтық 225 оқушыдан құралған делегация қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы робототехникадан Әлем чемпионатында 12 марапат жеңіп алды
Фото: Life09