Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қан тапсыруға қатысты. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Донор күні» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 70-тен астам қызметкері департаменттің ұйымдастыруымен қан тапсырды.
Құтқарушылар қан тапсыру бойынша ұйымдастырылған қоғамдық шараларға да, өз бастамаларымен қан тапсыруға да қатысып, жылдар бойы донор болып келеді. Олардың көпшілігі тұрақты донорлар.
Мұндай іс-шара қиын сәтте алғаш болып көмекке келетін құтқарушылардың жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.