Бүгін, 27 сәуірде KAZ Minerals тобына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @baq_kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапқан. Тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тергеу басталды.
ШҚО-дағы Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, бір адам қаза тапты
Фото: Gemini ИИ